Қуат Ахметовке Ресейге кіруге тыйым салынды

1947

Шектеу 50 жылға созылады. 

Қуат Ахметовке Ресейге кіруге тыйым салынды

Қуат Ахметовке Ресей территориясына кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz РФ-ның ІІМ сайтына сілтеме жасап.  

"Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі орыс тіліне, Ресей тұрғындары мен шетелде тұратын отандастарына немқұрайды қарайтын, сондай-ақ агрессивті түрде тіл тигізген шетелдік азаматтардың елге кіруін шектеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр", – деп жазылған хабарламада. 

12 тамызда "Ресейге кіру және шығу тәртібі туралы" федералды заңға сәйкес, Қазақстан азаматы Қуат Ахметов пен Әзербайжан азаматы Исфандияр Вагабзадеге Ресей Федерациясына кіруге тыйым салу туралы шешім қабылданды. Шектеу мерзімі –50 жыл. Ведомствоның айтуынша, екеуі ұлтаралық алауыздықты тудыратын мәлімдеме жасаған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қуат Ахметов Қазақстанда "тілдік рейдтер" ұйымдастырған еді. Белсенділер дүкен мен мемлекеттік мекемелерге барып, адамдардың қазақ тілін білетінін не білмейтінін тексерген. Қазақша сөйлей алмайтындарын "Қазақстанды құрметтемегені" үшін кешірім сұрауға мәжбүрлеген. Мұндай рейдтер түсірілген видеолар YouTube-те жарияланып отырған. 

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Ахметовтің әрекетіне жол беруге болмайтынын мәлім етті. "Біздің елде мұндай нәрселер қатаң түрде тоқтатылады", – деді ол. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу