Хамитов ресейлік Мариф Пираевпен (29-4-1) жекпе-жек өткізді. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен Пираев жеңіске жетті. Есеп: 30-27, 29-28, 30-27.
Осылайша, Мариф Пираев кәсіби мансабында отызыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Қуат Хамитов ММА-да жетінші рет жеңілді. Айта кетейік, қазақстандық үшін бұл 2021 жылғы үшінші жекпе-жек. Бұған дейін Хамитов қаңтарда ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) нокаутқа жіберді, содан кейін маусымда украиналық Роман Головиновты (10-5) жеңді.
Тасқын Болатұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу