Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын 1 минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді
22 Қаңтар 2021 21:58 721

Отандасымыз қарсыласын бірінші нокауттың өзінде жеңіп шықты.
50-ші секундта Қуат Максим Пантелеевті нокаутқа түсірді.
Отандасымыз осылайша жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Ал Максим Пантелеев кәсіпқой спорттағы екінші жеңілісін өткерді.
Еске сала кетсек, өткен жылы Қуат Хамитов Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде ресейлік Ахмад-Хан Боковпен айқасып, тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.