Қуаттылығы 700 МВт болатын электр станциясын салу жоспарланып отыр

987

Қуаттылығы 700 МВт болатын электр станциясын салу жоспарланып отыр

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлыбритания  халықаралық сауда министрлігінің тау-кен секторындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кеңесшісі Рос Лундамен және "Azura" компаниясының халықаралық инвесторлар тобының өкілі Морис Фрошпен қызметтік кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінң баспасөз қызметі

Талқылаудағы басты тақырып Ақтөбе облысына инвестиция тарту болды. Шетелдік қонақтардың қарауына жоспардағы бірқатар келешегі бар инвестициялық жобалар ұсынылды.

Жиынды ашқан Бердібек Сапарбаев  Ақтөбе облысының шетелдік әріптестермен ынтымақтастық үшін ашық аймақ екенін атап өтті. Бүгінгі таңда өңірде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 700-ден астам кәсіпорын жұмыс жасайды.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, аймақта инвесторлардың сенімді әрі жайлы  жұмыс істей алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекет жеңілдіктер ұсынып, инвесторлардың құқықтарын қамтамасыз етеді және қорғайды. Біз ынтымақтастық қарым-қатынасты қашан да қолдаймыз және біздің облыста іске асыруға болатын жобаларға қажетті көмек көрсетуге дайынбыз", - деді Бердібек Сапарбаев әңгімелесушілерге.

Кездесу барысында 700 МВт электр станциясын салу үшін стратегиялық инвестициялық жобаны іске қосу туралы бітімге келді.

"Азура Интернейшнл" инвесторлар тобының өкілі облыс әкіміне осы жылдың қараша айында жобаны қаржыландыруды бастайтынын жеткізді.

"Біз осы жобаны бастауға дайынбыз және сізге қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын, себебі бұл біз үшін өте маңызды", - деді Морис Фроч.

Айта кетейік, электр станциясының құрылысы өнеркәсіптің дамуына байланысты туындайтын электр энергиясының тапшылығын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, демек, тұтынудың жыл сайынғы өсуі байқалады.

Azura International (Сингапур) - энергетикалық ресурстар, минералдар мен ауылшаруашылық өнімдерін сатуға және саудалауға маманданған инвестициялық компания. Аталмыш компанияның инвестициялық мүддесіне пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кен өндіру және кеңес беру қызметтері( кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу