ҚҰБ ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын ұсынды

Ол "Сақ стилі" элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді. 

ҚҰБ ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын ұсынды Фото: пресс-служба Нацбанка РК

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды, Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады.

Халықаралық тәжірибе бойынша, банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабілетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Осы орайда, еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау өте маңызды.

Сонымен қатар, жаңа банкноталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құнына байланысты қабылдауға жатады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының барлық банкі арқылы банктік шоттарға аударуға, айырбастауға және ұсақталуға міндетті.

Анықтама үшін: Банкноталарды айналымға қатар шығару және айырбастау тәртібі туралы

1. Жаңа дизайндағы банкноталар шығарылғаннан кейін алдыңғы үлгідегі банкноталар айналымнан біртіндеп алына бастайды.

2.Ұлттық Банк ескі және жаңа үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін 1 жыл деп белгілейді, ол қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

3.Айналымда параллель жүретін кезеңде ескі және жаңа банкноталар заңды төлем құралы болып қала береді және төлемдер мен аударым кезінде қабылдануға міндетті. Олар Ұлттық Банктің, "Қазпошта" АҚ мен ЕДБ барлық филиалдарында шектеусіз мөлшерде айырбасталады және ұсақталады.

4.Айналымда қатар жүру мерзімі аяқталған соң барлық банктер мен "Қазпошта" АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға – 3 жыл ішінде, ал Ұлттық Банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастай береді.   

5.Банкноталардың айналымда параллель жүру мерзімі мен тәртібі туралы ақпарат қосымша жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу