Куба 3 күн аза тұтады

661

Куба 3 күн аза тұтады

Кубада ұшақ апатқа ұшырап, 100-ден астам жолаушы қаза тапты. Осыған байланысты елде 3 күндік аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға ел астанасы Гавана әуежайына жақын жерде орын алды. Хосе Мартиден ұшып шығып, елдің шығысындағы Ольгин қаласына бет алған "Боинг-737" әуе көлігі 20 шақырымдай ұзаған соң кері бұрылған. Осы кезде электр бағандарының сымдарын іліп алды деген болжам бар. Не себепті кері қайтты неге тым төмен ұшты, ол жағы әлі хабарланған жоқ.

Ал ұшақ бортында 104 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болғаны анық. Олардың бесеуі шетелдіктер қалғаны КУба азаматтары. Жолаушылар арасында 5 бала болған. Апат орнына 12 минуттың ішінде жеткен құтқарушылар 3 адамды аман тауып алды. Бірақ олардың бірі ауруханада көз жұмды.

Қазір іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу