Куба тұрғындары өткен жұмада бақилық болған Фидель Кастромен қоштасты, деп хабарлайды 24 Хабар.
Марқұмның өсиеті бойынша оның мәйіті сенбі күні аз ғана адамның қатысуымен өртелді. Аты аңызға айналған қолбасшының күлі арнайы құтыға салынып, ел астанасындағы революция алаңының мемориалдық кешеніне қойылды. Енді оған тағзым еткісі келетіндер екі күн бойы осында келе алады. Одан кейін алаңда мыңдаған адамның қатысуымен митинг өтіп, 3 желтоқсанға дейін марқұмның күлі салынған құты елдің 13 провинциясын аралап шығады. Ал 4 желтоқсанда Сантьяго-де-Кубадағы әулие Ифигения зиратында жерлеу рәсімі өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу