Куба Президенті: Еуразиялық экономикалық одақтан сенім мен ынтымақтастықтың лебін сеземіз

895

Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы ел ретінде қатысу зор құрмет әрі мәртебе екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Куба Президенті: Еуразиялық экономикалық одақтан сенім мен ынтымақтастықтың лебін сеземіз

"Куба Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске бақылаушы мемлекет ретінде қатысып отыр. Біз Еуразиялық экономикалық одақтан сенім мен ынтымақтастықтың лебін сеземіз. Бұл біз үшін зор құрмет әрі мәртебе", – деді Мигель Марио Диас-Канель Бермудес.

Оның сөзінше, пандемия мен АҚШ тарапынан Кубаға қарсы жасалып жатқан қысым, оның ішінде сауда және қаржы блокадасы Кубаның экономикасын тұралатқанмен, халқының жігерін жасытқан жоқ.

"Куба халқының атынан сіздердің мемлекеттеріңізге біздің пандемиямен және блокадамен күресуге бағытталған күш-жігерімізді қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Куба бірлікке, ынтымақтастыққа және бірлескен еңбекке арқа сүйеуді жалғастыра береді. Біз интеграция арқылы 2022 жыл ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізетінімізге сенеміз", – деді Куба Президенті.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу