Кубаның саяси өмірінде үлкен өзгеріс. Ұлттық ассамблея бүгін 57 жастағы Мигель Диас-Канельді мемлекеттік кеңес пен министрлер кеңесінің жаңа төрағасы етіп бекітті, деп хабарлайды 24.kz.
Оны 604 депутаттың 603-і қолдады. Сөйтіп 1959 жылдан бері Кастро әулетінің басқаруында болған мемлекеттегі билік тізгінін алғаш рет басқа тұлға қолына алатын болды.
Бірақ Диас-Канель жаңа лауазымына 2021 жылдан бастап қана кіріседі. Ал бұл уақытқа дейін 86 жастағы Рауль Кастро ел басшысы болып қала береді. Дегенмен сарапшылар: "Мигель Диас-Канель, билік басына келгенімен, Кубада айтарлықтай өзгерістер болмайды", – деп отыр.
Өйткені Рауль Кастроның саяси өмірге ықпалы күшті бола бермек. Ал алған білімі бойынша инженер Мигель Диас-Канель билікке 80-жылдардың ортасынан бастап араласыпты. Ол 2013 жылдан бері вице-президент қызметін атқарып келеді.