Кубада құлаған ұшақтың екінші қара жәшігі табылды

789

Кубада құлаған ұшақтың екінші қара жәшігі табылды

Кубада өткен аптада апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының екінші қара жәшігі табылды. Бұл туралы оқиғаны тергеп жатқан комиссия мүшелері мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Әзірге таспаның қаншалықты бүлінгені туралы ақпарат жоқ. Қазір онымен америкалық және мексикалық мамандар айналысып жатыр.

Еске сала кетейік, мамырдың 18-і күні Гаванадағы Хосе Марти әуежайынан шыққан "Боинг-737" ұшағы көп ұзамай апатқа ұшырады. Ол 20 шақырым ұшқан соң әуежайға кері қайтпақ болған кезде электр сымдарын іліп кеткен. Апаттан 111 адам қаза тапты. Олардың ішінде бес бала бар. Ұшақтың құлауына нақты не себеп болғаны әлі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу