Кубада жаппай наразылықтар аясында төтенше жағдай жарияланды

873

Билікке қарсы шыққандар сайлаудың әділ өткізілуін және әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етуде.

Кубада жаппай наразылықтар аясында төтенше жағдай жарияланды Фото: reuters.com

Куба билігі Коммунистік партияға қарсы басталған наразылықтардан кейін төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Куба әскерлері мен қауіпсіздік күштерінің қосымша бөлімшелері ел астанасы Гаванаға енгізілді. Қазір сонымен қатар аралда ел басшылығын қолдайтындардың митингісі өтіп жатыр.

Қазіргі билікке қарсы шыққандар сайлаудың әділ өткізілуін және әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етуде. Қақтығыс салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады. 

Бұған дейін Куба президенті Мигель Диас-Канел қазіргі биліктің жақтастарын көшеге шығуға және арандатуларға қарсы тұруға үндеген еді. Оның ойынша, наразылықтарды жалдамалылар ұйымдастырып отырған көрінеді. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан Куба билігіне наразылық білдірушілерге қарсы күш қолданбауға кеңес берді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу