Кубаның Олимпиада чемпиондары қазақ боксшыларымен жаттығып жатыр

1191

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыдағы АІВА академиясының базасында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.  

Кубаның Олимпиада чемпиондары қазақ боксшыларымен жаттығып жатыр

Жиынға Жапония, Куба, Венгрия командалары да қатысуда деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ұлттық команданың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевтың айтуынша, жиынға Куба құрамасы бірінші нөмірлі боксшыларын түгел алып келген. 

"Алматыдағы бірлескен жаттығу жиынына Куба құрамасы Олимпиада чемпиондарын алып келді. Атап айтар болсақ, төрт дүркін әлем чемпионы әрі Рио Олимпиадасының жеңімпазы Хулио Сезар Ла Круз, Олимпиада чемпоны Раньель Иглесиас Сотолонго, Арлен Лопес, екі дүркін әлем чемпионы Энди Крус және үш дүркін әлем чемпионы Лазаро Альварес Эстрада бар. 

Сондай-ақ, Жапония командасының құрамында Азия чемпионатының күміс жүлдегері  Сэвондрэц Окадзава мен халықаралық турнир жеңімпаздары бар. Венгрия құрамасы Еуропа чемпионатының жүлдегерлерін алып келді. Ал біздің команда толық құраммен қатысуда", – дейді бас бапкер. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу