Кублей" консерві зауытына қатысты кезекті сот отырысы өтті. Қалалық сот, тараптарды бітімге шақырған. Алайда дауласқандардың арадағы мәселені мәмілемен шешер ойы жоқ. Не зауыт жабылып, немесе салынған үйлер бұзылуы керек. 2 жылдан аса уақытта, ымыраға келмеген зауыт пен әкімдіктің мәселесін облыстық сот қарады. Іс тағы да созылды. Судья Айгүл Маштақова, жерге таласып жатқан қос тараптың соты жалғасатынын жариялады. Сайлауға дейін шешім шығармай, одан қалды материалдарды Үкіметке жіберген сот ісін, заңгерлер Азаматтық кодекске қарсы деп есептейді.
Әр процестегі заң бұзушылықтарды жіпке тізген қорғаушылар, "Мұндай сорақылықты Жаңа Қазақстанның сотынан күтпедік", - деп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу