Алматы әуежайында құбыр құлағаннан кейін жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі

300

 Оқиға әуежай аумағындағы құрылыс алаңында болған.

Алматы әуежайында құбыр құлағаннан кейін жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі Фото: advantour.com

Алматы халықаралық әуежайының аумағында болған оқиғаға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерден кейін Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала ақпаратқа сәйкес, 11 маусым күні құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс құрылымдары, атап айтқанда құбырлар құлаған. Оқиға әуежай аумағындағы құрылыс алаңында болған.

"Қазіргі таңда басқарма оқиғаның мән-жайын анықтап, қажетті материалдарды жинақтап жатыр. Кейін олар жоспардан тыс тексеруді тіркеу үшін прокуратура органдарына жолданады. Жоспардан тыс тексеру барысында құрылыс нормаларының сақталуы, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының ұйымдастырылуы заң талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағаланады. Егер заңнама талаптарының бұзылғаны анықталса, жауапты тұлғаларға қатысты қолданыстағы заң аясында тиісті шаралар қабылданады", — делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Алматы қаласының әуежайында оқыс оқиға болып, видеосы әлеуметтік желіде таралғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу