Құбырдағы апат салдарынан Оралдың бір бөлігі сусыз қалды

226

Зачаган кентінде су құбырында апат болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құбырдағы апат салдарынан Оралдың бір бөлігі сусыз қалды Фото: canva

"Батыс су арнасы" ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әзербайжан көшесі бойында диаметрі 400 мм су құбырынан ақау шыққан.

Соған Әзербайжан, Т.Бигелдинов көшесі, "Балауса" шағынауданы және Байтақ көшесі 2/2-мекенжайына бүгін сағат 12.00-ден бастап салқын су беру тоқтатылды. 

Қалпына келтіру жұмыстарының қашан аяқталатыны белгісіз.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, Зачаган кентінде осындай жағдай жиі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу