Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.
1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастады.
2012-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ кешені мемлекеттік инспекциялау комитетіндегі басқармада сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарды.
2014-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болды.
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінде департамент директоры қызметін атқарды.