Құдалық пен қыз ұзату: Алматыда қандай заң бұзушылықтар тіркелді?

1460

1635 ШОБ субъектісі өз еріктерімен қызметтерін тоқтатты.

Құдалық пен қыз ұзату: Алматыда қандай заң бұзушылықтар тіркелді?

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне қарасты мониторингтік топтар соңғы аптада 10 нысанда 51 жеке тұлғаның карантин режимін бұзу фактісін анықтаған. Оларға жалпы сомасы 5 млн теңге айппұл салынған. Ал әкімшілік соттың қарауына бір материал тапсырылды. 

Биылғы жылдың 17 тамызынан бері мониторингтік топтар ШОБ-тің эпидемиялық талаптарды сақтауына қатысты 9 мыңнан астам тексеру жүргізген. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 3801 хаттама толтырылса, 2693 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды. 1635 ШОБ-субъектісі өз еріктерімен қызметтерін тоқтатып, 19 материал сотқа тапсырылды. 

"Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Жетісу ауданы, Жангелдин көшесі, 193 мекен-жайында орналасқан "Данияр" мейрамханасында заңсыз ұзату тойы өткізілгені туралы ақпарат келген. Одан кейін жедел түрде мониторингтік топ Жетісу ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеруге барған. Банкет 50 адамның қатысумен өткізілген. Жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚ туралы Кодексінің 425-бабының 1-тармағы бойынша 230 АЕК мөлшерінде әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды. Одан бөлек, осы жылдың 20 қыркүйегінде түнгі уақытта Медеу ауданында жекеменшік үйде құдалық ұйымдастырылып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Мониторингтік топтың Медеу ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеруінің барысында ақпарат расталды. Шара ұйымдастырушыларына қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл ретте Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылдың 15 тамыздағы №56 Қаулысына сәйкес, отбасылық мерекелерді, есте қаларлық шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, құдайы тамақ) өткізуге, сонымен бірге, үйге көп адамның келуіне қатысты салынған тыйымның сақталатынын атап өткен жөн. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен шаһарда 26 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олардың қатарында аудан әкімдіктерінің өкілдері, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, полиция қызметкерлері бар.

Құралай Құдайберген

Фото: vedomosti.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу