Күдебаев ісі: Түркияға тиісті сауал жіберілді

774

Қазақстан мен Түркия арасында қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісім бар. 

Күдебаев ісі: Түркияға тиісті сауал жіберілді Фото: nur.kz

Бас прокуратура Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

"Алматы облысы ІІД бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуі бойынша Ұлттық қауіпсіздік органдарымен іс қозғалған болатын. Бірақ істің маңыздылығын ескере отырып, бұл істі Бас прокуратура өзінің өндірісіне қабылдап алды. Бұл іс бойынша жедел тергеу тобы құрылды", - деді ол.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің сөзінше, бүгінде Қырғызстан мемлекетіне жолданған сауалдың жауабы келген.

"Қырғыз әріптестеріміздің мәліметіне сәйкес, Серік Күдебаев Қырғызстанға келгеннен кейін Манас әуежайы арқылы Ыстанбұл қаласына ұшып кеткен. Қырғыз тарапы бірлескен жұмыс нәтижесінде Күдебаевтың Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту бойынша қылмыстық іс қозғады. Біз мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді кім ұйымдастырғанын анықтауды мақсат етіп отырмыз. Сол себепті де қырғыз тарапы бізге өте маңызды", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша еліміз Түркия тарапымен жұмысты бастап та кеткен.

"Түркия елімен өзара құқықтық көмек туралы екіжақты келісім бар. Соның нәтижесінде Түркияның құқық қорғау органдарымен жұмысымызды бастап та кеттік. Оның барлығына жан-жақты тоқталғым кеп тұрған жоқ. Бұл іздестіру амалдарына кедергі келтіруі мүмкін", - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу