Күдебаев Түркияда тұрақты тұруға рұқсат алмақ болған - Бас прокуратура

Құзырлы орган оның елге оралғысы келмегенін жеткізді. 

Күдебаев Түркияда тұрақты тұруға рұқсат алмақ болған - Бас прокуратура Фото: Almaty.tv

Жоғары қадағалау органы елден қашқан  генералды Қазақстанға қайтару үшін құқық қорғау органдарындағы шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, Интерпол күштері қатысқан ауқымды жұмыстар атқарылғанын және оны экстрадициялау бойынша материалдар Түркияға Әділет министрлігіне жіберілгенін хабарлады.

"Күдебаев С.М. өз бетімен Отанына қайтуды ойламаған, өйткені ол барған елінде тұруға рұқсат сұраған. Кейін шетелдік әріптестердің көмегімен С.М. Кудебаев Түркия аумағында ұсталды және Қазақстанға жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы 2023 жылдың 3 сәуірінде сотқа келмей, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Ол 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны және азаптау үшін айыпталды.

"Сот талқылауы кезінде С.М. Күдебаев өзіне қатысты қолданылған бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жалтарып кеткен, сол себепті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен мемлекетаралық іздеуге жарияланды", – деп хабарлады прокуратура. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу