Күдебаевқа қатысты қосымша қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды

457

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмәрілиев мәлімдеді. 

Күдебаевқа қатысты қосымша қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды Фото: Zakon.kz

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа қатысты қосымша қозғалған қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Тілшілер спикерден бұл іс бойынша айыптылар қатарында кім бар екенін сұрады.

"Ең басты айыпталушы Күдебаевтың өзі. Берген жауабына сәйкес, ол шекарадан тыс жерден қырғыз мемлекетіне өтіп кеткен. Оны шекараға жеткізген көлік жүргізушісі Күдебаевтың осындай әрекетке баратынынан беймәлім болған. Сол себептен Серік Күдебаев өзі ғана жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол шекара пункт корпусынан өтпеген, Кеген ауданында шекарадағы темір тордың астын көтеру арқылы өтіп кеткен. Бұл оның берген жауабы", - деді Бас прокуратура өкілі.

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін экс-басшыға қосымша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмәрілиев Серік Күдебаевқа қосымша тағы қанша жыл берілуі мүмкін екенін айтпады.

"Бұл туралы айта алмаймын. Бұл соттың құзыретінде", - деп қысқа қайырды спикер.

Еске салайық, Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу