Күдебаевтың шекарадан қалай өткені белгілі болды

392

Бас прокурордың орынбасары қашу фактісі бойынша тергеу аяқталып, сотқа жөнелтілгенін айтты.

Күдебаевтың шекарадан қалай өткені белгілі болды Фото: Ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын қасақана тастап кетті деп 10 жылға сотталған Күдебаевтың шекарадан қалай өткені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін Бас прокурордың орынбасары журналистерге айтып берді. Жандос Өмірәлиев қашу фактісі бойынша тергеу аяқталып, сотқа жөнелтілді, дейді. Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысына байланысты сот барысында оны қамаудан босатып, "ешқайда кетпеу" туралы бұлтартпау шарасын тағайындаған судья мен прокурорды да айыптауды сұрағандар болған. Алайда, бұл іс бойынша бір ғана айыпталушы бар. Ол - Күдебаев.

"Шекараға жеткізген көлік жүргізушісі оның осындай әрекетке баратынынан беймәлім болған. Сол себепті қазір өзі ғана жауапкершілікке тартылып жатыр. Және ол шекара өткізу пунктінен өтпеген. Ол Кеген ауданында, темір тор болады ғой шекарада, сол темір тордың астын көтеру арқылы өтіп кеткен. Оның берген жауабына сәйкес", - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу