Шымкентте 28 жастағы тұрғынның денесі қала пәтерлерінің бірінен табылды. Полиция күдіктінің ұсталғанын айтты. Ол марқұмның туған әкесі болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
1 желтоқсанда Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінде қатыгездікпен кісі өлтіру орын алды. 28 жастағы жігіттің мойын аймағында көптеген пышақ жарақаттары анықталған. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Әкесінің ұлын не себепті өлтіргені туралы хабарланбайды.
Айта кетейік, марқұмның әкесі психикалық аурумен есепте тұрған.
Қазір қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпараттар жарияланбайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу