Күдікті Болгариядан экстрадицияланды

765

Ол Астанада тергеу изоляторына қамалды.

Күдікті Болгариядан экстрадицияланды

Бүгін Қазақстанның бас прокуратурасы және ІІМ интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығында  Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы "Central Azia Cement" АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кәсіпорынның 382 млн теңге қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Қазіргі таңда, күдікті Астанада тергеу изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу