Күдікті деп қамауға алған 4 жасөспірім босатылды

1744

Таразда Қаңтар оқиғасындағы бейберекетсіздікке қатысты деп күдікке ілінген 4 кәмелетке толмаған жасөспірім ата-аналары мен облыстық қоғамдық комиссия мүшелерінің кепілдігімен қамаудан босатылды.

Күдікті деп қамауға алған 4 жасөспірім босатылды

Қамаудан босатылған 4 жеткіншек үй-ішімен қауышты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жасөспірімдердің тағдырына араша түскен Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова өткен аптада Тараз қаласына келіп, тергеу изоляторына кіріп, қамауда отырғандармен кездескен болатын. Облыстық "Қоғамдық қабылдау" тобымен бірлесіп, балаларына араша сұраған 19 ананың арыз-шағымын тыңдап, жазықсыз азаматтардың, әсіресе жасөспірімдердің құқықтарын бұзу деректеріне байланысты қайта әділ тергеу жүргізу туралы Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдайтынын айтқан.

"Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Олар өмір жолы енді ғана басталып жатқан балалар. Біздің міндетіміз олардың өмірін бұзу емес, қалыптасқан жағдайдан шығуға және парасатты азамат болуға көмектесу", – дейді Гүлдара Алданышқызы.

Қасіретті қаңтар оқиғасының салдары қарапайым халыққа оңай соғып тұрған жоқ. Әсіресе, "күдіктілерді" жаппай жазалау басталғанда дүрмекке ілініп, жазықсыз қамауға алынған жасөспірім балаларының тағдырына араша түсу үшін қайда барып, кімнен көмек сұрарын білмей жүрген ата-аналар әлі де бар.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу