"Күдікті ізін суытқан": Ақтөбеде 49 жастағы ер адамды өз ауласында атып кетті

682

Полиция күдіктіні іздеп жатыр.

"Күдікті ізін суытқан": Ақтөбеде 49 жастағы ер адамды өз ауласында атып кетті Фото: info_aqtobe

Ақтөбе қаласында оқ жарақатынан қаза тапқан 49 жастағы ер адамның денесі табылды. Бейресми ақпаратқа сәйкес, бетперде киген белгісіз біреу жеке тұрғын үйге қарақшылық шабуыл жасап, ақша, бағалы бұйымдар мен көлікті алып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Диапазон" басылымының жазуынша, оқиға 16 қараша күні таңертең болған. Ғазиза Жұбанова мен Нұрлы Таң көшелерінің маңындағы аумақты полиция қоршауға алған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Жалған әрі шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды және тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз", – деп хабарлады жергілікті Полиция департаменті редакция сауалына.

Полиция өзге ақпарат бермеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу