Алматыда күдікті полициядан қашып кеткен

141

Ұрлық жасады деген күдікке ілініп, кейін ауруханаға барған азамат полицейлерден қашып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда күдікті полициядан қашып кеткен Фото: stan.kz

Оқиға кеше оңтүстіктегі астанада болған.

Ұрлық жасады деген күдікке ілінген азамат қамауға алынған кезде ауруханаға барып емделген. Полицейлер кейін оның ауруханадан қашып кеткенін білген, көп ұзамай күдікті қайта ұсталыпты.

"Ұрлық жасады деген күдіктінің емделіп жатқан қалалық ауруханадан қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Қазір құзырлы органдар оқиғаға қатысты тексеріс жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу