Күдіктілер тергеу изоляторына ПТР-тест нәтижесі бойынша ғана қабылданады екен

1283

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлімдеме жасады. 

Күдіктілер тергеу изоляторына ПТР-тест нәтижесі бойынша ғана қабылданады екен

"Өздеріңіз білетіндей, қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында полиция мен әскери қызметшілер елде тәртіп орнатуға ауқымды операциялар жүргізді. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соттардың шешімімен күдікті адамдар қамауға алынды. Аталған адамдар тергеу изоляторларына қабылданған кезде міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, ПТР-тестінің теріс нәтижесімен қабылданады", – дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда дене жарақаттары немесе қандай да бір аурулар анықталған кезде оларға міндетті түрде медициналық көмек көрсетіледі және прокуратураға хабарланады. Мекеме тиісті медициналық көмек көрсете алмаған жағдайда олар азаматтық ауруханаларға жеткізіледі және арнайы күзетпен емделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу