Күдіктілерді ұстау кезінде полицей жарақат алды

635

Қарағандыда қару қолданған күдіктілер қала тұрғынын жарақаттап ізін суытқан.

Күдіктілерді ұстау кезінде полицей жарақат алды

23 қыркүйек күні сағат 11.30 шамасында Қарағанды қаласында белгісіз біреулер қару қолдану арқылы жергілікті тұрғынға қастандық жасап, оқиға орнынан автокөлікпен қашып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер мінген автокөлік қала сыртынан табылды. Күдіктілердің бірі өздерінің ізіне түскен полиция қызметкерлеріне оқ жаудырып, қашып кетпек болған.

Күдіктілерді ұстау барысында жедел уәкілдің біріне оқ тиіп жарақат алған. Қылмысқа қатысы бар бір күдікті ғана қолға түскен. Полиция басқа ақпаратты тергеу құпиясы деп жарияламай отыр.

"Аталған дерек полицияда тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар өзгеде тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар атқарылуда", – деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметі. 

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу