Құдыққа құлаған бала құтқарылды

1248

Құдыққа құлаған бала құтқарылды

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 13 жасар жасөспірім беті ашық жатқан құдыққа құлап кетті, деп хабарлады.

"27 қаңтар күні 13 сағат 35 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің "112" нөміріне №83 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысынан өзінің мектептен үйге кетіп бара жатып, құдыққа құлап кетіп, ол жерден шыға алмай жатқаны жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына бірден Апат медицинасы орталығының бригадасы мен Орталық және өңірлік ұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жөнелтілді",-делінген баспасөз қызметінің хабапламасында.

Құтқарушылар оқиға орнына 14 сағат 02 минутта жеткен. 2004 жылы туған бала құтқарылып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медицина мамандарының қарауына берілді. Қиындыққа тап болған бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда оқушының өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деп нақтылады Астана қалалық ТЖ департаментінің қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу