Күйеу жігіт той үстінде қалындығын атып өлтірді

698

Күйеу жігіт той үстінде төрт адамды атып өлтірді.

Күйеу жігіт той үстінде қалындығын атып өлтірді Фото: pexels.com

Таиландта параспортшы әрі бұрынғы жауынгер өз қалындығы мен тағы үш адамды атып өлтірді. Кейін өз өмірімен хош айтысты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

29 жастағы күйеу бала Чатуронг Суксук пен 44 жастағы Канчан Пачунтуек сенбі күні Таиландтың солтүстік-шығысында шаңырақ көтерген.

Би-би-си агенттінің мәліметінше, ол той үстінде бір жерге шығып кеткен және тапаншамен оралған ол өз әйелі мен оның 62 жастағы анасы мен 38 жастағы әпкесін атып өлтірген.

Атылған оқтар абайсызда өзге қонақтарға да тиген, олар ауруханаға жатқызылды, оның бірі қаза тапты.

Полицияның мәліметінше, күйеу жігіт қатты мас болған, дегенмен оның мұндай қадамға неліктен барғаны құпия күйінде қалып отыр.

Куәгерлер бұл жұптың той барысында ұрсысқанын байқаған. Оған қоса, Чатуронг жас алшақтығына байланысты өзін сенімсіз сезінген.

Жергілікті басылымдар ғашықтардың үш жыл бірге өмір сүргенін жазуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу