"Күйеуі – мүгедек, әйелінің көзі көрмейді": Бетперделі жігіт тағы бір отбасыға пәтер мен көлік сыйлады

137

Ол қазақстандық отбасыға пәтер мен көлікті сыйға тарту етті.    

"Күйеуі – мүгедек, әйелінің көзі көрмейді": Бетперделі жігіт тағы бір отбасыға пәтер мен көлік сыйлады Фото: бейнежазбадан

Ақпарат бетперде киген жігіттің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бегімайдың сол көзі мүлдем көрмейді, оң көзі 2-3% ғана көреді. 

"Қызыма церебральды сал ауруы диагнозы қойылған, ол эпилепсиямен ауырады. Жұбайым мүгедектер арбасына таңылған. Ол ревматоидты полиартритпен ауырады. Ол такси жүргізуші болып жұмыс істейді. Көлік біздікі емес. Өз көлігіміз де, пәтеріміз де жоқ", – деді Бегімай. 

Оның айтуынша, кез келген сынақтың артында бір қайыр болады.

Бетперде киген жігіт отбасының еміне деп ақша берді. Сонымен қатар кіші қажылыққа жолдама сыйлап, көлік пен пәтердің кілтін сыйлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу