"Күйеуі мүлде іздемепті": Оралда үш баланың анасы табылмай жатыр

687

Жақындарының айтуы бойынша, ол күйеуінің жүйелі зорлық-зомбылығына қарамастан, ешқашан балаларын тастап, үйден кетпеген.

"Күйеуі мүлде іздемепті": Оралда үш баланың анасы табылмай жатыр Фото: Nemolchi.kz

Оралда үш баланың анасы Айнагүл жоғалып кетті, кіші ұлы небәрі 4 жаста, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Немолчи.кз" қорының басшысы Дина Таңсәрі хабарлағандай, Айнагүлдің әріптестері оның жоғалуын күмәнді деп отыр.

"Себебі оның күйеуі бір апта бойы полицияға арызданбаған. Полиция қызметкерлері оның үйіне келгенде ғана арыз жазуға мәжбүр болған. Айнагүлдің ата-анасы жоқ, алыс туыстары ғана бар. Полициядан осы істі назарға алып, бақылауын сұраймыз. Күйеуі жалдамалы пәтерінен көшіп кеткені белгілі. Мүмкін, ұрып-соғудың, зорлық-зомбылықтың кейбір заттай дәлелдері жоғалып кеткен шығар",- дейді Дина Таңсәрі.

Сондай-ақ  #Немолчикз Орал қаласының  тұрғындарынан Айнагүл жайлы бірдеңе белгілі болса, полицияға немесе +77051510000 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу