Күйеуі ұрып-соғып, қаралуға жібермей қойған әйел ауруханада көз жұмды

746

Үш бала анасыз қалды.

Күйеуі ұрып-соғып, қаралуға жібермей қойған әйел ауруханада көз жұмды Фото: kuban24.tv

Өзбекстанда күйеуі әйелін ұрып-соғып, бірнеше күн бойы ауруханаға қаралуға жібермеген. 27 жастағы Шахноза жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Самарқанд облысында болған. Марқұмның туыстарының сөзінше, 2025 жылдың 6 қаңтарында Шахнозаны күйеуі қатты ұрып-соққан. Әйел адам бірден құқық қорғау органдарына жүгінбеген, алдымен жергілікті махалладан көмек сұраған. Алайда махалла да, басқа жергілікті органдар да ешқандай шара қолданбаған.

Шахноза медициналық көмекке жүгіне алмай, үйде тағы бірнеше күн ауыр жағдайда жатқан. Тек 12 қаңтар күні анасы Ресейден оралғанда қызын ауруханаға апарған. Зорлық-зомбылықтың айқын белгілеріне қарамастан, ауруханада тиісті көмек дұрыс көрсетілмепті. 

Осы уақытта күйеуі ауруханаға келіп, әйелін видеоға түсіріп, оны ұрмағанын айтуды талап еткен. 1 ақпан күні Шахнозаның жағдайы күрт нашарлап, оны реанимация бөліміне ауыстырған. Алайда оны құтқару мүмкін болмады.

Үш бала анасыз қалды, ал ер адам бостандықта жүр. Марқұмның туыстары тергеу амалдары дұрыс жүргізілмей жатыр деп шағымданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу