Әлеуметтік желілерде Алматы облысында екі баланың анасы қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алматы облысында жас әйел, екі баланың анасы қаза тапты. "НемолчиKZ" қорына марқұмның жақындары хабарласып, істі өз бақылауларына алуды өтінді. 23 шілдеде күйеуі оны ұрып-соғып, қолын сындырған. 26 шілдеде ол өзіне қол жұмсады, әзірге бұл ресми нұсқа. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша жүргізіліп жатыр", – деп жазды "НемолчиKZ" қоры.
Белгілі болғандай, марқұмның артында екі жасар егіз балалары қалды. Әйелдің жақындары істің әділ тергелуін сұрап отыр.
Редакция тілшісі ресми түсініктеме алу үшін Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты. "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Тергеу жүріп жатыр.