"Күйеуімнің қолы күректей": Жеңіс Ысқақова тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы айтты

711

Ол соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатқан зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Күйеуімнің қолы күректей": Жеңіс Ысқақова тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы айтты Фото: Бейнежазбадан

"Әйел тілінен тапты деп жатады. Бірақ сол тілді шығарған кім екен? Әйел сөйлей береді. Көріп тұрсың ба? Бұрыл да, кетіп қал. Менің де тілім жаман. Кейде мен де күйеуіме тіл тигеземін. Сол кезде жолдасым маған қарап тұрады да, бұрылып кетіп қалады. Үйде күйеуім бастық. Мен көп сөйлеймін. Маған ешқашан қол көтермеген. Ол спортшы ғой, қолы күректей. Ол бір ұрса "соңғы аялдамадан" бір-ақ шығамын-ау. Нағыз ер азамат әйелмен санаспай, шығып кету керек. Менің әкем де сондай кісі болатын. Анам мың сөйлегенде әкем бір сөйлемейтін. Сол кезде мінезім анама ұқсамаса екен деп тілейтінмін. Бірақ түбірі неде екенін білмеппін. Демек әкемнің өз қателіктері болған", – деді әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу