"Күйеуімнің не айтқанын білмеймін": Индира Елемес әріптесі Ерке Есмаханмен не үшін араласпай кеткенін түсіндірді

1222

Әнші Индира Елемес көп сұхбат бере бермейтінін айтып, жеке өмірінде болып жатқан жайттарымен бөлісті. 

"Күйеуімнің не айтқанын білмеймін": Индира Елемес әріптесі Ерке Есмаханмен не үшін араласпай кеткенін түсіндірді Фото: коллаж inbusiness.kz

Индира Елемес тұрмысқа шыққаннан кейін өнердегі құрбыларымен араласпай кеткенін “Мамский әңгіме” подкастында ашып айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әншінің жолдасы құрбы-құрдастарымен және өнердегі әріптестерімен араласуына қарсы болған көрінеді.

“Өнердегі ең алғашқы продюсерім – Мөлдір Әуелбекова еді. Тұрмысқа шыққаннан кейін араласпай қалдым. Жақын деген құрбыларымнан алыстап кеттім. Одан кейін Ерке Есмаханмен жақсы араластым. Ол кезде хит әндерді орындап жүрген еді. Мен болсам енді шығып келе жаттым. Екеуміздің үйіміз жақын болды. Көп сырласатын едік. Өте жақсы қыз. Әншілігінен бөлек, адамгершілігі де керемет болатын. Менімен тең дәрежеде сөйлесетін. Бағыт-бағдар берді. Жолдасым ол кісімен де араластырған жоқ. Ерке мені өзінің гастролдік сапарларына қоспақшы да болды. Кейін жолдасымның не дегенін білмеймін, бізге ренжіп қалды. Ерке екеуміздің арамызда ешқандай да кикілжің болған жоқ. Бірақ қазір араласпаймыз” – деді әнші.

Индира Елемес тұрмысқа шыққаннан кейін өнерден қол үзіп қалғанын айтты. 18 жасында ана атанған әншінің тұңғышы 13 жаста.

“Тұрмысқа шықпастан бұрын тойда ән айтатын едім. Табысым да жақсы болды. Бір аптада 3-4 тойға бардым. Тұрмысқа шыққаннан кейін бәрі қалды. Күйеуім қарсы болды. Тіпті маникюр жасатпадым. Дүкенге азық-түлік алуға да шықпадым. Өйткені бәрін жолдасым әкелді. Коммуналдық шығынды да өзі төледі. Келін болған соң үй шаруасымен де айналыстым. Шынымды айтсам, балама көңіл бөлетін уақытым да, мүмкіндігім де болмады. Ол үшін өзімді кішкене біртүрлі сезінемін. Кей кезде тіпті өзімді жек көремін, бірақ енді не істеймін, сол кезде солай болуы керек болған ғой. Баламды асырау үшін тамағына ақша табу керек болды. Білмеймін, мен бұл жағдайды сізге айтып түсіндіре алмаймын. Бірақ кейін ұлымды саналы түрде босандым. "Мен анамын ғой" деген сезіммен ұлымды қалап, дүниеге әкелдім. Алладан сұрап алдым", – деді отандық шоу-бизнес өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу