Күйеуін құтқарамын деп адам өлтірген әйел сотталып, бостандыққа шықты

200

Оқиға 2024 жылдың шілде айында болған.  

Күйеуін құтқарамын деп адам өлтірген әйел сотталып, бостандыққа шықты Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Абай облысында күйеуін құтқармақ болған әйелдің ісі қайта қаралып, ол сот залынан босатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, әйел күйеуін тұншықтырып жатқан ер адамды тоқтатпақ болып, ағаш сынығымен бір рет қатты соққы жасаған. Сол сәтте шабуылдаушы оның күйеуінің мойнын аяғымен басып тұрған. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың хабарлауынша, алғашқы сот инстанциясы әйелді абайсызда адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтірді деп танып, 6 жылға соттаған. Сонымен қатар, 3 миллион теңге моральдық өтемақы төлеу міндеттелген. Апелляция бұл үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бірақ қорғаушы тарап әйелдің әрекеті күйеуін қорғау мақсатында жасалғанын алға тартып, істі қайта қарауды талап еткен.

Кассациялық сот бұл уәжбен келісіп, әйелдің қорғану мақсатында осындай әрекетке барғанын растады. Дегенмен, ол қажетті қорғаныс шегінен асып кеткен деп танылды.

Сот әйелдің жасаған ісіне өкінуін, кәмелетке толмаған баласының барын, мүгедектігін және оқиғаға жәбірленушінің өзі себеп болғанын ескерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу