Оқиға той үстінде орын алған. Ерлі-зайыптылар мерейтой тойлаған.
Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың сөзінше, ер адам қателікке жол бергенін түсініп, әйелін құтқара бастаған. Жанып жатқан әйелінің үстіндегі отты сөндіріп, киімін шешіп, жедел жәрдем шақырған.
"Бірінші дәрежелі күйік алған әйел Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
Қанат Махамбет