Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел полицияға 49 рет шағымданған

460

Ер адам ішімдік ішіп отырып, әйелі мен оның құрбысын пышақтап өлтірген.

Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел полицияға 49 рет шағымданған Фото: news.ru

Бас прокуратура мас ер адам әйелі мен оның құрбысын өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды  Inbusiness.kz сайты Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Бас прокуратура үйлестіру кеңесінің отырысында тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселелерін талқылап жатыр.

"Былтыр Қостанайда ер адам ішімдік ішіп әйелі мен оның құрбысын пышақтап өлтірген. Әйелі бұған дейін 49 рет полицияға жүгінгені анықталды", – деді Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.

Оның айтуынша, ішімдік ішу ауыр зардаптарға әкеп соққан.

"Сондықтан біз қосымша квалификациялық белгі ретінде "осы әрекеттерді алкогольдік немесе басқа да мас күйде жасауды" қосуды ұсынамыз", – деп түйіндеді Әбішев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу