2018 жылғы 15 шілдеде денесін 70% термиялық күйік шалған әйел мамандандырылған емдеу және кешенді терапия алу үшін Өскемен қаласы №1 қалалық ауруханасының күйік бөлімшесіне ҚР санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз-қызметі.
2018 жылғы 11 шілде оқиға орнынан әйел жедел медициналық көмек қызметімен Көкпекті ауданының өңіраралық ауруханасына жеткізілді. Ол жерде оған барынша көмек көрсетілді – шоктан шығарды. Алайда, зақымданудың ауырлығына байланысты, дәрігерлік кеңеспен жай-күйі тасмалдауға мүмкін болған жағдайда әйелді Өскемен қаласы қалалық ауруханасына тасымалдау туралы шешім қабылданды.
Күрделі термиялық жарақат алған жағдайда адам өмірі медициналық көмек көрсетудің жылдамдығы мен сапасына тәуелді. Шығыс Қазақстан облысының таулы, жетуі қиын жерлері үшін санитариялық авиация – ең шұғыл "жедел жәрдем", соның арқасында дәрігерлер күн сайын мамандандырылған өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарынан шалғай тұратын облыс тұрғындарының өмірлерін және денсаулығын құтқаруда.