Күйік шалмаған саусақ бөлігі қылмысты ашуға көмектесті

225

Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Күйік шалмаған саусақ бөлігі қылмысты ашуға көмектесті Фото: Polisia.kz

Өзінің мұқияттылығы мен тәжірибесінің арқасында криминалист кісі өлтіру қылмысын ашты, деп жазады inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың наурыз айында Ұлытау облысында қамыстар арасынан ер адамның мәйіті табылған болатын. Марқұмның денесі мен киімі толық өртеніп кеткендіктен оның жеке басын анықтау мүмкін еместей көрінген. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының құрамында криминалист полиция майоры Дастан Мағзұмов болды.

Мәйітті мұқият қарап шыққан полицей саусақтың күйік шалмаған бөлігін байқады. Бұл ер адамның жеке басын анықтауға көмектесті. Одан кейін тәртіп сақшылары қылмыскерлерге шыға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу