Күйзеліске түскен сотталғандарды дәрі-дәрмексіз емдеу үшін "Майнд машинасы" қолданылады

564

Қызылордалық психологтар тың әдістің пайдасы зор екенін айтады.  

Күйзеліске түскен сотталғандарды дәрі-дәрмексіз емдеу үшін "Майнд машинасы" қолданылады Фото: inbusiness.kz

Өмірде түрлі жағдайлармен бірі ашу үстінде, бірі қасақана, бірі білместікпен қылмыс жасап темірторға түскен қылмыскерлер терең күйзеліске түсіп жатады. Жаза үкімінің үрейі, қапаста өткізілетін бірнеше жылдар міне осының бәрін жеңу үшін қамаудағылармен профилактикалық және психикокорекциялық  жаттығулар жасалынып тұрады.

Осы орайда, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік  мекемесінде АКАӘПТЖБ-нің аға психологы Айзат Мырзалы мекеме қамауына келіп түскен азаматтарға "Майнд машинасы" психорелаксациялық аппаратымен психокорекциялық жұмыс жүргізеді.

"Бүгін мекеме қамауындағы ҚР ҚК-нің 188- бабының 3 бөлігімен 6 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушыға психикокорекциялық жаттығу өткізілді", - дейді аға психологы Айзат Мырзалы.

Сот үкімін естіп, есеңгіреп қолымен жасаған амалдарына күйінген бұл азаматтың күйзеліске түскені байқалды. Сондықтан да, санасындағы тұманды, күмәнді жағымсыз ойлардан арылту мақсатында "босаңсу бөлмесіне" алдыртып, психологиялық релаксация жасалынды.

"Алдымен "Майнд машина" аппаратының қолданылуы түсіндірілді. Релаксация барысында, құлаққапты киген сотталғанның құлағына жағымды  табиғаттың әсерлі үні қосылады.

Ал, көзілдірікті кигенде кемпірқосақтағыдай түрлі түстер бейне бір ғажап әлемге жетелейді. Мұндай табиғат үнімен әсем көрініске еліткен апараттағы жан дүниесі құлазып жүрген адамның санасы мазасыздықтан арылып, тынышталып, психоэмоционалдық жағдайды ретке келеді.

Осылайша қапастағы қамкөңіл жандар Майнд машинасы құрылғысының көмегімен бойындағы жағымсыз ойдан, шаршағыштық пен ашушаңдық секілді сезімдерден арылады" - дейді әділет капитаны Айзат Мұхамбетиярқызы.

"Психолог маман маған арнайы аппаратты кигізгенде көз алдыма түрлі-түсті бояулар келіп, жағымды әуен ойнады. Сол әуеннің ырғағымен өткен өмірімдегі ең бақытты шақтарымды көз алдыма елестеттім. Өткізілген релаксациядан кейін, жақсы көңіл-күйге бөленіп, болашаққа мақсат қойдым", - дейді дәрі-дәрмексіз жан дүниесіндегі күйзелістен арылған сотталушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу