Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

1659

Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Бас прокуратурада бірінші жартыжылдықтың жұмысы қорытындыланды және Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды, деп хабарлайды prokuror.gov.kz.

Бас прокуратурада 2017 жылдың 1-ші жартыжылдық жұмысы қорытындыланып, елбасының "100 нақты қадам" ұлт жоспары мен Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында көзделген стратегиялық тапсырмалары талқыланды.

Ж.Асанов Конституцияның прокуратура туралы 83-бабына 22 жылдың ішінде алғаш рет өзгерістер енгізілгенін, жаңа заң қабылданғанын атап өтті. Бұлардың барлығы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам, бизнес пен мемлекет мүддесін қорғаудағы жұмыстарды күшейтуге бағытталған.

Құқық қорғау қызметтері орталығы Бас прокуратура ғимаратында орналасты. Оның жалпы ауданы мың шаршы метрге жуық алаңынды қамтып, заманауи инженерлік-техникалық жабдықтармен, электрондық кезек жүйесімен, "Connection Point" өз-өзіне қызмет көрсету секторымен, сондай-ақ күту залы және өзге де қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. 

Аталған орталықта азаматтарға тәжірибелі прокурорлар құқықтық көмек көрсетеді. Азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы әрі тиімді шешу үшін бұл жұмысқа өзге де заңгерлер тартылады (адвокаттар, медиаторлар, нотариустар, пробация қызметкерлері және т.б.).

Орталықтың басты мақсаты - азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай құқығын жедел түрде қорғау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу