Құқық қорғау органдарының қызметін бағалау талабы өзгереді

868

Құқық қорғау органдарының қызметін бағалау талабы өзгереді

Елімізде полиция халықпен жұмыс істеудің жаңа тәртібіне көшеді. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметін бағалау талаптары өзгереді. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетейік, жиын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Комиссия отырысында сот жүйесін жетілдіруге арналған заң жобасын енгізу мәселесі де қаралды. Аталған құжат сапалы кадр даярлау мен судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған. Жиынға қатысушылардың айтуынша, бұл шаралар қазақстандықтардың құқығын қорғау жүйесін жетілдіру үшін істеліп жатыр.

"ҚР-ның басымдығы бар бағыты, жоғары құндылығы – адам құқығы. Ұлы дала елінің ежелгі мемлекеттік саясатының негізгі өзегі де осыған бағытталғанын атап өткім келеді. Құқықтық мәдениетті бойына сіңірген қазақ халықтық демократияны да бойына сіңірген", - дейді ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу