Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы ережеге өзгеріс енгізілді

1332

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы ережеге өзгеріс енгізілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 363-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы үлгі ережесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.                    

 

Қазақстан Республикасының Президенті                     Н.Назарбаев                                                 Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 желтоқсан                   № 390 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу