Құқық қорғау стандарттары жетілдіріледі

990

Еліміздің халықаралық құқықтық міндеттемелері талқыланады.  

Құқық қорғау стандарттары жетілдіріледі

29 қазанда Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтің төрағалығымен халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 19-шы отырысы өтеді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров.

Министрлік өкілінің айтуынша, отырыс шеңберінде құқық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық міндеттемелерін іске асыруға қатысты маңызды мәселелер талқыланады. Олар еліміздегі құқық қорғау стандарттарын жетілдіруге ықпал ететін болады. Атап айтқанда, адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар ережелерінің орындалу барысы туралы кезекті ұлттық баяндамаларды дайындау мен қорғауды шолуға қатысты мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы шарттық органдары мен арнайы рәсімдерінің ұсынымдарын іске асыру және Қазақстанның БҰҰ-ның халықаралық шарттарына қосылуы жоспарланып отыр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу