Құқық қорғаушылар РФ Конституциясына өзгерту енгізуіне қарсы шықты

529

Олар биліктің негізгі заңға өзгерту жасауын конституцияға қарсы төңкеріске балап отыр.  

Құқық қорғаушылар РФ Конституциясына өзгерту енгізуіне қарсы шықты

Ресейдің жетекші құқық қорғаушы ұйымдарының қызметкерлері ел конституциясына өзгерту енгізуді тоқтатуға шақырды.Бұл туралы Deutsche Welle басылымы хабарлады.

Үндеуге "За права человека" ұйымының басшысы Лев Пономарев, адам құқығы жөніндегі президент жанындағы кеңестің мүшесі Наталия Евдокимова, Мәскеу Хельсинки тобының тең төрағасы Валерия Борщев, "Гражданское содействие" комитетінің төрағасы Светлана Ганнушкина қол қойыпты. 

Олар биліктің негізгі заңға өзгерту жасауын конституцияға қарсы төңкеріске балап отыр. Наразы топтың пікірінше, 20 қаңтарда президенттің Госдумаға жіберген "РФ Конституциясына өзгерту енгізу туралы" заңы қазіргі заңды бұзып отыр, сонымен қатар конституциялық нормаларға қайшы. Өзгертулердің дені Конституциялық жиналыста қаралып не референдум арқылы жүзеге асуы керек екен. 

Осы орайда құқық қорғаушылар парламенттен депуттардың 10 наурыз күні қабылдаған заң жобасын күшіне енгізбеуді талап етуде. Сондай-ақ олар Орталық сайлау комиссиясы 22 сәуірге белгіленген жалпыресейлік дауыс беруді өткізбеуі тиіс деген пікірде. 

Қоғам белсенділерінің айтуынша, қазір қоғам биліктің ауысуынан үмітті, ал негізгі заңды жаңарту жағдайды ушықтырып, елді саяси дағдарысқа ұшыратып жіберуі мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу