Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметтер көлемі 110,4 млрд теңгені құрады

318

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметтер көлемі 110,4 млрд теңгені құрады Фото: almaty.profcentre.kz

2023 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында құқық және бухгалтерлік есеп саласында көрсетілген қызметтер көлемі 110,4 млрд теңгені құрады - 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% артық.

Олардың ішінде адвокаттық қызмет бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 5,7 млрд тг, нотариалды қызмет – 42,1 млн тг, құқық саласындағы өзге де қызмет – 29,7 млрд тг, қаржылық ревизия (аудит) жүргізу бойынша қызмет – 33,5 млрд тг құрады. Сонымен қатар шоттар мен бухгалтерлік есеп жасау саласындағы қызмет 37 млрд тг болды.

Сондай-ақ салық салу саласындағы консультация беру қызметтерінің көлемі 3,2 млрд тг құраса, төлемге қабілетсіздікті және берешекті өндіріп алуға байланысты қызмет 157,6 млн тг көлемінде болды.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі - 64,9 млрд теңге. Алғашқы үштікте Астана (30,7 млрд тг) және Атырау облысы да бар (2,3 млрд тг) .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу