Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолында ақпарат құралдарының рөлі ерекше

179

Заң жазалау үшін емес, ең алдымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. 

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолында ақпарат құралдарының рөлі ерекше Фото: akorda.kz

Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жақында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болатын арнайы заң күшіне енді. Бұл – өте қажетті құжат. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – баршаңызға айқын. Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек. Әрине, қабылданған заң барлық қатерді бірден жойып жібермейді. Бұл – ұзақ әрі күрделі үдеріс.

Заң жазалау үшін емес, ең алдымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу қажет. Осы жолда ақпарат өкілдерінің рөлі ерекше", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу