Құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы әзірленді

1118

Әділет вице-министрі Наталья Панның мәлімдеуінше құжат 2030 жылға дейінгі аралықты қамтиды. 

Құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы әзірленді

Тұжырымдаманы әділет министрлігі мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ғалымдармен бірлесіп дайындаған. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында әділет министрлігі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, ғылыми ұйымдармен және ғалымдармен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасын әзірледі", – деді вице-министр министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде. 

Оның сөзінше, жаңа тұжырымдама конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да заңнама салаларын дамытуды көздейді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу